Жарнама
Шаһар шырайы

Гагарин көшесі жөндеуден кейін қайта ашылды

Атырау қаласындағы Гагарин көшесінің жөндеуден өткен бөлігі көлік қозғалысы үшін қайта ашылды. Енді бұл жол учаскесі 4 жолақты болып, көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер үшін қолайлы әрі қауіпсіз жағдайда жасалған. Бұл туралы Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз хатшысы Ғасырбек Төлеген хабарлады.

Көшені қайта жаңғырту барысында жол сапасын жақсарту және судың жиналуын болдырмау мақсатында арнайы арық жүйелері орнатылды. Бұл шара көлік қатынасының үздіксіз болуын қамтамасыз етеді.

Қайта жаңғырту жұмыстарынан кейін қазір көлік қозғалысы толықтай іске қосылды. Алдағы уақытта көшеге жаңа аялдамалар орнатылып, жаяу жүргіншілер жолы төселмек. Ал келесі жылы көшенің соңғы асфальт жабындысы төселіп, құрылыс жұмыстары толық аяқталады.

Айта кеткен жөн, жөндеу жұмыстарын “Атырауинжстрой-АИС” ЖШС мердігер мекемесі жүргізді.

Бек АЙДАРӘЛИ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button