Еңбек мерекесіне айналған сенбілік қала тұрғындарына зор серпіліс туғызды

Атырау қаласы әкімінің қаулысымен «16 сәуір – жалпықалалық сенбілік» болып жарияланған болатын. Жалпыұлттық еңбек мерекесі бүкілқазақстандық тал отырғызу акциясымен тұспа-тұс келді. Бұл күні мектеп оқушысынан ірі мекеме қызметкерлеріне дейін қолдарына күрек алып, көшелерді көгалдандыруға шықты.

Американдық Алленнің таңданысы

Біз шаһар басшысы Нұрлыбек Жұмахметұлымен бірге алдымен Атырау әуежайы трассасына қарай бет алдық. Мұнда таңғы сағат 9 болмастан «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.» мекемесінің 250 қызметкері жиналып, сенбілікке қызу кірісіп кеткен. Олар өзара топтарға бөлініп, бір-бірімен отырғызылған ағаш саны жөнінен сайысуды жолға қойыпты. Араларында Астана, Алматы, Ақтөбе қалаларынан және АҚШ-тан келген қонақтар да бар.

– Атыраудағы бұл менің алғашқы сенбілігім емес. Осы жолғы тазалық күні тал отырғызу науқанымен ерекшеленіп отыр. Мұндай акциялар біздің АҚШ-та да өткізіліп тұрады. Жалпы, қызмет бабымен басқа да елдерде тазалық тәжірибесіне қатысып жүрмін, бірақ Атыраудағы сенбіліктің орны бөлек, – дейді аталған компания қызметкері Майкл Аллен.

 

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ,

Суреттерді түсірген: Әнуар Әбілғазиев.

Толығырақ газеттен оқи аласыз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз