Жарнама
Шаһар шырайы

Бір күнде 100-ге жуық отбасы баспаналы болды

Наурызнама аясындағы «Шаңырақ» күніне орай Атырау қаласында баспанаға мұқтаж бір топ шаһар тұрғынына жаңа пәтердің кілттері табысталды. Салтанатты рәсімге қатысқан Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин жайлы баспанаға ие болғандарды атаулы күнмен және қуаныштарымен құттықтады.

–Аймақтың тұрғын үй коммуналдық инфрақұрылымын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған Тұжырымдамасына сәйкес, мемлекеттік қор есебінен тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар жүйелі жалғасын тауып келеді. Күні бүгінде қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінде тұрғын үй алушылардың  кезегінде тұрған азаматтадың 15 мыңнан асып жығылады. Бүгін міне солардың бір тобына жаңа пәтердің кілтін ұсынғалы тұрмыз. Атап айтқанда, бұл пәтерлер соңғы жылдары қаламызда бой көтерген «Аягөз» және «Модерн» тұрғын кешеніндегі үйлерден беру жоспарланған. Бүгін қала бойынша 97 отбасы жаңа баспананың кілтін қолдарына алып, қоныс тойын тойлағалы отыр. Оның ішінде, 32 көпбалалы, 46 осал топқа жататын отбасы, мүгедек балаларды асырап отырған отбасылары, І және ІІ топтағы мүгедектер, асыраушысынан айырылған жалғызбасты аналар, жетім балалар мен жасына байланысты зейнеткерлікке шыққандар бар. Ендеше, құрметті атыраулықтар, сіздерді облыс әкімі Серік Жамбылұлының және өз атымнан шаңырақтарыңызды шаттыққа бөлеп, жан жадыратар қуаныш сыйлаған сәтпен шын жүректен құттықтаймын! Баспаналарыңыз жайлы, тұрмыстарыңыз соған сайлы, қоныстарыңыз құтты болсын! Төрлеріңізден мереке, дастархандарыңыздан береке кетпесін, — деп ақжарма тілегін жолдады  жиналғандар алдында шаһар басшысы Шәкір Кейкінұлы. 

Бұдан кейін жаңа пәтерлердің кілттерін салтанатты жағдайда табыстау рәсіміне кезек берілді. Махамбет атындағы қазақ академиялық драма театр маңындағы «Аягөз» тұрғын кешенінен пайдалануға берілген тоғыз қабатты үйдің заманауи технологиямен және үлгіде салынған, бөлмелері де кең де жарық пәтердің кілтін алғашқы болып бірінші топ мүгедегі Орынбасар Есқалиев алды. Одан соң ата-анасының қамқорлығынсыз қалған Ольга Наумец пен Гаухар Байсымақоваға тапсырылды. Бұл күні қаланың «Нұрсая» шағынауданындағы «Модерн» тұрғын кешенінен де жоғарыда аталған әлеуметтік санатқа кіретін атыраулықтардың бір тобы баспаналы болу бақытын иеленді.

Дәулетқали АРУЕВ

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button