«БАЛЫҚШЫ» шағынауданында шұғыл түрде кәріз желісі салынады

balykshy kanal Шаһар шырайы

«Балықшы» шағынауданында жарылған қысымы жоғары кәріз коллекторын айналып өту үшін шұғыл түрде кәріз желісі салынады, деп хабарлайды atr.kz қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Балықшы» шағынауданындағы Қалмұханов және Алтынкөл көшелерінің қиылысында  «Д-500» арынды кәріз коллекторы жарылды. Құбырдан аққан су жер бетіне шықпаған. Өйткені  кәріз желісінің үстінен ыстық су құбыры орнатылған. Оған қоса мердігерлер жол салу кезінде құбырларды бетон плитамен «Атырау облысы  Су арнасы» мекемесіның рұқсатынсыз жапқаны белгілі болды.  «Атырау облыстық Су арнасы» мекемесінің басшысы Арман Кенжеғалиевтің айтуынша, алғашында ағынды суды төгу көзі бірден анықталмаған. 

balykshy kanal. 2

– Сондықтан бетон плиталарын көтеріп, ыстық су құбырларының астынан апат нүктесін іздедік. Бұл – көп уақытты қажет ететін процесс. Мамандар түнімен жұмыс істеп, жарылған жерді  тапқан соң, ағын суын сору жұмыстарын жүргізді. Осы себептен жарылған құбырдан аққан су ыстық су тұрбалардың бойымен, оларды қоршап тұрған бетон плиталарының ішінде ағып жатты.  Бірақ орналасқан «Д-500» кәріз коллекторы ыстық су құбырларының астында орналасқан. Оған тікелей қол жеткізу мүмкін болмай тұр. Сондықтан апат болған жерді айналып өту үшін ыстық су құбырының үстінен шұғыл түрде кәріз желісінің учаскесін салу туралы шешім қабылданды. Бүгін кәсіпорын осы жұмыстарға кірісті, – деді А.Кенжеғалиев. 

Айта кетейік, апатты жою жұмыстарына 9 бірлік вакуум-автомашина («Атырау облысы Су Арнасы» КМК-нан 6 бірлік, үшінші тарап вакуум-автомашиналарының 3 бірлігі), 1 бірлік экскаватор, 1 бірлік автокран және 1 бірлік самосвал жұмылдырылды.

Нұргүл Насыр

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз