Автобаза техникаларының жүрісі онлайн қадағаланады

avtobaza Шаһар шырайы

Атырауда «Арнаулы автобаза» техникаларының жүру барысы онлайн қадағаланады. Бұл туралы Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин «Арнаулы автобаза» мекемесінің базасына барып, техникалардың жай-күйімен танысты. «Арнаулы автобаза» ЖШС басшысы Алмас Ізтілеуов атқарылып жатқан жұмыс барысы және алдағы жоспарлармен таныстырды.

– Жауапты қызметкерлер әр техниканың күнделікті жүру барысын цифрлы картамен қадағалап отырады. Бұл тәртіп жұмысқа жауапкершілікті арттырып, уақытты үнемдеуге көмектеседі, – дейді А.Ізтілеуов.

Бүгінде қаланың санитарлық тазалығын қамтамасыз етуге толық мүмкіндік бар. Барлығы қоқыс шығаратын 21 арнаулы техника, 16 трактор, 19 жүкті өздігінен түсіретін, 4 тиегіш, 2 «бушер», 2 манипулятор, 8 вакуум техникасы және 350 жұмысшы қызмет етеді. Алайда, қала көшелеріндегі кейбір қоқыс жәшіктерінің лық толып, айналасының шашылып жатқаны көңіл көншітпейді.

«Қыстың қамын жаз ойла» демекші, қазір арнаулы техникалардың қысқы мезгілге дайындық жұмыстары да басталып кетті.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз