Шаһар шырайы
Атыраулықтар жаппай сенбілікке шығады
Атыраулықтар сенбі, жексенбі күндері жаппай сенбілікке шығуы тиіс. Бұл туралы облыстық жедел штаб хабарлады.
Мұндағы басты мақсат — Жайық өзеніндегі тасқыннан келер қауіптің алдын алу. «Елім, жерім, туған өлкем» деген әр азамат күш біріктіріп, Жайық жағалауларындағы бөгет соғу жұмысына белсенді түрде атсалысуы тиіс. Өйткені жұмыла көтерген жүктің қашан да жеңіл болары анық.
Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ