Жарнама
Шаһар шырайы

Атыраулықтар қалаішілік автобус қызметін 37 млн. рет пайдаланған

2024 жылы өңір тұрғындары қоғамдық көлік қызметін 37 млн. рет пайдаланған. Оның 16 млн-нан астамы жеңілдетілген жол картасын қолданған, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

img 5644
Screenshot

2023 жылмен салыстырғанда «Smart Qala» жолаушылар картасын пайдаланушылар саны едәуір өскен. Күніне шамамен 100 мың жолаушы автобус қызметін пайдаланады.Әрқайсысы жеке карталарды өз санатына сәйкес қолданады.

img 5645
Screenshot

Бүгінде стандартты «Smart Qala» картасын пайдаланатындар үшін жол ақысы 80 теңге. Зейнеткерлерге, студенттерге, көпбалалы аналар мен 3-ші топтағы мүгедектерге 50% жеңілдік қарастырылған. Ал мектеп жасындағы оқушыларға, 1-ші және 2-ші топ мүгедектеріне, алтын алқалы аналарға, ауған соғысы мен тыл ардагерлеріне жол ақысы — тегін.

-Өткен жылдың қаңтар, шілде және қарашасында автобустардағы жолаушыларға бақылау және аудит жүргізілді. Тексеріс барысында жеңілдік картасын заңсыз пайдаланып жүргендер мен жол ақысын мүлдем төлемейтіндер анықталды. Оларға әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 622 бабы бойынша 2 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Осыған байланысты бақылау және аудит жұмысын биыл тұрақты өткізуді жоспарлап отырмыз, — деді «Smart Qala» ЖШС директоры Марғұлан Ешманов.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button