Шаһар шырайы
АТЫРАУДА ЖЫЛУ ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА
Атырау қаласы әкімдігінің теңгеріміндегі тозығы жеткен көпқабатты тұрғын үйлердің жылу мен ыстық су желілері (11868 метр) тексерілді.
Ағымдық жөндеу жұмыстарына жауапты «Эко-Саф» мекемесі тиісті міндеттерін атқаруда. Бүгінде Алмагүл ықшамауданындағы №17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, Берғалиев көшесіндегі №71, 73, 75, 41 «а», Авангард-4 ықшамауданындағы №14 үйлердің 3354 метрді құрайтын су құбыры толықтай жаңартылып отыр. Мұндай жұмыстар қаланың қалған аумағында да жалғаспақ.
Әділет АМАНГЕЛДІ
(фото: қала әкімдігінің баспасөз қызметі)