Жарнама
Шаһар шырайы

Атырауда жол жөндеу жұмыстарына байланысты көшелер жабылады

Бүгін, 14 мамыр күні сағат 12:00-ден бастап Атырау қаласындағы Жастар көшесінен Еркінқала бағытындағы тас жолда қайта жаңғырту жұмыстары басталады. Осыған байланысты Бекет ата көшесі бойындағы “Qazaq Oil” жанармай құю бекетінен “Қазпошта” ғимаратына дейінгі аралықта көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады. Бұл туралы Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

img 1367

Аталған учаске арнайы сызбада көрсетілген. Сонымен қатар осы бағытта қатынайтын кейбір қоғамдық көліктердің қозғалыс бағыттарына да уақытша өзгерістер енгізіледі. Жаңартылған маршруттар мен айналма жолдар сызбада нақты көрсетілген.

-Тұрғындардан өз маршруттарын алдын ала жоспарлап, уақытша шектеулерді ескерулерін сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, — делінген баспасөз хабарламасында.

А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button