Жарнама
Шаһар шырайы

Атырауда жаңбыр суын тазарту жұмыстары жалғасуда

Атырау қаласында толассыз жауған жауын-шашыннан кейін жиналған жаңбыр суын шығару жұмыстары қарқынды түрде жалғасып жатыр. Табиғи құбылыс салдарынан көшелер мен әлеуметтік маңызы бар нысандар аумағында су жиналып, қалалық қызметтер күшейтілген тәртіпте іске кірісті.

img 8553

Атырау қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір су сору жұмыстарына 30-ға жуық арнайы техника жұмылдырылып, су басу қаупі жоғары аумақтарда жедел әрекет ету шаралары жүргізілуде. Әсіресе, қала ішіндегі басты көше тораптары мен мектеп, балабақша, емхана сияқты маңызды мекемелердің айналасын судан тазарту жұмыстары бірінші кезекте қолға алынған.

Қалалық коммуналдық қызметтердің мәліметінше, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, жұмыс тоқтаусыз атқарылып жатыр.

Сонымен қатар тұрғындар тарапынан келіп түсетін өтінімдер 109 – Бірыңғай байланыс орталығы, сондай-ақ қалалық әкімдіктің ресми әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы қабылдануда. Әрбір өтінім назардан тыс қалмай, жедел түрде тиісті мекемелерге жолданып, орын алған мәселе кезең-кезеңімен шешілуде.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button