Жарнама
Шаһар шырайы

АТЫРАУДА ЖАҢА АВТОБУСТАР ЖҮРЕДІ

Атырауда 1 тамыздан бастап 3 бағытта жаңа автобустар қатынайды.

Бұл туралы Атырау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Самат Айтқалиев мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Биыл жалпы 8 елдімекеннің тұрғындарын тасымалдау үшін мамыр-шілде айларында 3 конкурс өткізілді. Нәтижесінде «Атырау-Сағыз», «Атырау-Ақжайық», «Атырау-Сарайшық-Жалғансай» бағыттарына тұрақты түрде қоғамдық көлік қатынайтын болды.

-Конкурс нәтижесімен жеңімпаз болып танылған «Akzhaiyk-Avtopark» ЖШС-і 1 тамыздан бастап өз жұмысын бастайды. Жаңа бағыттарға тұрақты тасымалдайтын маршруттард ұйымдастыру автокөлік жолдарының жай-күйі мен қоғамдық көліктердің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі белгіленгеннен кейін жүзеге асырылады, деді С. Айтқалиев.

Сондай-ақ жолаушылардың тұрақты тасымалдануы мен жолақысының қолжетімділігін сақтау мақсатында биыл жергілікті бюджеттен жалпы сомасы 2,1 млрд теңгеге 62 әлеуметтік маңызы бар маршрут субсидияланады.

1. Сағыздан Атырау бағытына күн сайын 06:00-09:00, ал Атыраудан Сағызға 17:00-20:00 аралығында қоғамдық көлік қатынайды. Билет құны – 2000 теңге.
2. Ақжайық–Есбол-Ортақшыл-Еңбекшіл-Атырау бағыттарына 06:50-08:40 аралығында, ал Атырау-Еңбекшіл-Ортақшыл-Есбол-Ақжайыққа 18:00-19:50 аралығында автобус жүреді. Билет құны – 600 теңге.
3. Жалғансай-Сарайшық-Атырау бағытына күніне екі рет 07:00-08:20; 14:00-15:20 аралықтарында, Атырау –Сарайшық-Жалғансайға 12:00-13:20; 19:00-20:20 аралықтарында қатынайды. Билет құны – 400 тг.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button