Атырауда жаға бекіту жұмыстары тәулік бойы жалғасуда

screenshot 20240411 071747 gallery Шаһар шырайы

Атырау қаласында жаға бекіту бойынша бір шақырымнан 107 бөлік белгіленіп, бөгет тұрғызу жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Бұл туралы облыстық жедел штаб хабарлады.

Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин қала аумағында жүріп жатқан Жайық жағалауын бекіту жұмыстарын аралап қайтты.

Ең әуелі қала басшысы Қайыршақты ауылдық округіне қарасты Аспа,Талқайран, Ақжар, Ақсай, Томарлы ауылдарында жаға бекіту құрылысын қолға алған мердігер мекеме басшыларымен жұмыс барысын егжей-тегжейлі талқылап, бөгеттердің сапалы салынуын міндеттеді.

Кейін Атырау ауылдық округіне қарасты Рыбник, Зарослый елді мекендерін аралап, ауылдық округ әкіміне тиісті тапсырмалар беріп, жұмыс барысын толық бақылауда ұстауды тапсырды. Бөгет салу жұмыстарына ат салысып жатырған еріктілерге алғыс білдірді.

Қала басшысы қауіпті аймақтардың бірі саналатын Дамба ауылына арнайы барып, округ әкіміне жұмыс күшін тиімді пайдаланып, арнайы техникалардың санын көбейтуді тапсырды. Бөгет басында жергілікті тұрғындармен кездесіп, сұрақтарына жауап берді.

Кейін Сарыөзек шағын ауданындағы жағалау бекіту жұмыстарына кіріскен «ЕмбіМұнайГаз» АҚ-ның жауаптыларымен кездесіп, бірқатар мәселелердің шешімін шығарды.

Айта кетейік, бүгінде жағалауды бекіту жұмыстарына 500-ге жуық арнайы техника жұмылдырылып, 9 мыңға жуық еріктілер өз үлестерін қосуда.

Қазірге дейін 30 шақырым жағалауды нығайту бөгеттері күшейтілді. Газ құбыры, электрмен жабдықтау сынды инфрақұрылымдық нысандарды қорғау да ерекше бақылауда.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз