Атырауда су тасқыны болуы мүмкін қауіпті аймақтар белгілі болды

152a9090 Шаһар шырайы

Төтенше жағдай жөніндегі жедел штабта өткен брифинг барысында Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев журналистерге «үлкен» судың қайдан келетінін және қандай елді мекендер қауіпті аймақтарда тұрғанын айтты.

–Жайық өзені бізге солтүстіктен оңтүстікке қарай ағады. Қазір Бесікті, Алмалы, Береке елді мекендеріне су басу қаупі төніп тұр. Аталған ауылдарда екі қорғаныс желісін салу жұмыстары жүргізілуде, – деді Жасұлан Бисембиев.

Айта кетейік, бүгінде Атырау мен оның маңында 58,5 шақырым бөгет тұрғызылған. Жағалауды нығайту жұмыстарына 820 бірлік техника, 2225 мемлекеттік қызметші және 3354 ерікті жұмылдырылды.

Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз