Жарнама
Шаһар шырайы

Атырауда қос дәрігерлік амбулатория пайдалануға беріледі

Облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының тапсырысымен Атырау қаласындағы Береке селосы және Алмалы ауылдық округіндегі дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы тамызда аяқталады,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жаңа нысандарда емдік-профилактикалық, процедуралық, зертханалық, залалсыздандыру, дәрігерге дейінгі қабылдау, тазалық бөлмелері мен акушер-гинеколог кабинетінің болуы қарастырылған.

– Ақпанда Береке селосы мен Алмалы ауылдық округінде 25 орындық дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы басталған болатын. Қазір Берекедегі нысанда қабырғаларды қалау жұмыстары аяқталып, шатырын жабуға дайындық жүргізілуде. Қос ғимараттың да құрылыс жұмыстары бекітілген кестеге сай жүріп жатыр. Тамыз айында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр, — деді облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының бас маманы Ернар Қадырбай.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button