Жарнама
Шаһар шырайы

Атырауда қар тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Қала аумағында қардан тазарту жұмыстары жалғасуда. Қар шығару және тазалау жұмыстарына арнайы техника мен жұмысшылар жұмылдырылған, — деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

da8b265e 5f95 4fd3 9f00 bfe24a9c1049

Шаһар басшылығынан білгеніміздей, оң жағалауда 6 жүктиегіш техника, 20 жүкаударғыш, бір қар тиегіш және 95 жол жұмысшысы белсенді түрде еңбек етуде. Сол жағалауда да қар тазалау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, бұл аумақта 6 жүктиегіш техника, 12 жүкаударғыш және 95 жол жұмысшысы жұмысқа тартылған. Қала маңындағы округтерде де тазарту жұмыстары жүргізілуде. Алмалы, Қайыршақты және Дамбы ауылдық округтерінде 1 КДМ техникасы жұмылдырылған. Сонымен қатар, қала көшелерінде 7 трактор, 2 шағын трактор жұмыс істеуде. Қала тұрғындары қар тазалау жұмыстарына қатысты өтінімдерін қалалық әкімдіктің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында немесе 109 бірыңғай байланыс орталығы арқылы қалдыра алады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button