Жарнама
Шаһар шырайы

Атырауда балалар ойын алаңдарының құрылысы қарқын алуда

Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім етті, — деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында, «Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің тапсырмасымен күні бүгінде 29 мекенжайда орналасқан балалар ойын алаңдарын орнату жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінде Исатай-Махамбет алаңында орналасқан, көлемі 40*25 метр болатын және 22 кіші архитектуралық формадан тұратын балалар ойын алаңы халықтың пайдалануына берілді.

Сонымен қатар, Береке, Көкарна, Құрсай, Нұрсая, Жұмыскер және Сарыарқа ықшам аудандарындағы басқа да мекенжайларда орналасқан, өлшемдері 20*20 және 20*15 метр болатын балалар ойын алаңдарын орнату жұмыстарын 2025 жылғы шілде айының соңына дейін аяқтап, халықтың игілігіне беру жоспарлануда.

Амандық АБДОЛ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button