Атырау «жайлы» шаһарға айналады

screenshot 8 2 Шаһар шырайы

Облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Гүлбаршын Арыстанова жаңадан қабылданған қалаларды кешенді салудың стандарттарына сәйкес, облыс орталығының кейбір көшелеріне сәулеттік дизайн-код әзірлеу жұмыстары жоспарланып жатқандығын айтты.

Оның баяндауынша, бұл стандарт бос учаскелерде жаңа құрылыс салуды қалыптастыру, қалыптасқан құрылысты қайта құру және қала аумағын абаттандыру мәселелерін қамтиды. Оған қоса қалаларды дамытудың халықаралық нормативіне көшіп, қаланың келбетін қалыптастыруға, қала дамуының заманауи модельдерін қолданып, тұрғындардың жайлылығы үшін қоғамдық кеңістік құруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде ғимараттардың біркелкі болуына негіз болмақ.

– Биыл 9 қала құрылысы жобаларын әзірлеу жоспарланып отыр. Атап айтсақ, Атырау қаласы мен Құрманғазы, Жылыой аудандарының кейбір ауылдарының бас жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жұмыстары әзірленуде. Индербор кентінің бас жоспары мен Қызылқоға ауданындағы үш ауылға жеңілдетілген бас жоспарлар жасақтау жұмыстары жоспарланған. Индер ауданындағы Атырау–Орал автокөлік жолының 178-180 шақырым аралығындағы 150 га және Құлсары қаласының «Болашақ-2» шағынауданының 500 га аумағына егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларының жұмыстары да басталады. Қала құрылысы жобаларын әзірлеудегі негізгі мақсат – жобаланатын аумақта экологиялық қауіпсіздік критерийлеріне жауап беретін, өмір сүру үшін эстетикалық жағынан тартымды әрі жайлы заманауи композициялық-тартымды сәулетті қала құрылысы ортасын құру, – деді Гүлбаршын Арыстанова.

Аталған жобада жеке және көппәтерлі тұрғын үйлер, әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, қоғамдық мақсаттағы нысандарды орналастыру қарастырылып отыр

Алмас ҚАБДОЛОВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз