Атырау – қауіпсіз қала
Жыл сайын әртүрлі жобалар мен келелі істер қолға алынып, жүзеге асырылып жатқан қазақ мұнайының астанасында, шешуі күрмелген мәселелер де аз емес.
Адам өмірі мен қауіпсіздігі басты назарда болуы шарт деп Ата заңда да көрсетілген. Демек бұл әр азаматтың конституциялық құқы.
Атырауда мүмкіндігі шектеулі адамдардың, балалар мен қарттардың жүріп-тұруына ыңғайлы инфрақұрылым әлі де болса жеткіліксіз.
Балалар алаңы, стандартқа сай пандустар, жанға жайлы демалыс орындары, парктер мен аллеялар, велотрассалар, жағажайлар саны тым аз. Ал, құрылысы аяқталған осындай демалыс нысандарының жағдайы өте нашар күйде.
Дегенмен, бұл бір мезетте шешімін тауып кететін мәселе емес. Мемлекет тарапынан, жергілікті атқарушы органдар тарапынан кешенді бағдарламалар мен жобалар қолға алынып, сапалы жүзеге асырылуы тиіс.
Ару ҰЗАҚОВА, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, журналистика мамандығының 4 курс студенті