Атырау қаласының әкімі шулы ақпаратқа түсінік берді

275562576 7031330723607984 9139370018488019443 n Шаһар шырайы

Атырау қаласының әкімі Мейірім Қалауи желідегі жалған ақпаратқа қатысты түсінік берді.

– Құрметті достар! Соңғы күндері менің атымды жариялап, әр түрлі ақпаратты таратып жатыр. Жарияланған материалдар шындыққа жанаспайды. Мен бұл туралы алғаш рет 2019 жылы хабарлама жасаған болатынмын. Индер ауданының әкімі қызметін атқарып жүргенде осы тектес ақпараттар республикалық электронды құралдарына шыққаннан кейін өзімнің бастамаммен журналистерге хабарласып, барлық жайтқа орай түсіндірме (ratel.kz, azh.kz) бердім.10 жыл бұрын (2012 жылы) мемлекеттік қызметке келгенге дейін, мемлекеттің тарапынан берілген жер телімін қазіргі қызметіммен байланыстырып, заңсыз әрекеттер жасады деп мәлімделуде. Мен мемлекеттік қызметші ретінде де құқығымның қорғалғанын қалаймын. Сондықтан, әдейі жалған ақпарат таратып жатырғандардың үстінен (соның ішінде фейк аккаунттардан) жақын арада Полиция департаментіне арыз түсіретін боламын.Ақпараттық ағынның қалай жасалатынын жақсы түсінетін маман ретінде айтарым, бұл әдейі маған қарсы ұйымдастырылып отырған шабуыл. Құқықтық, ашық қоғам құруға ниетті буынның өкілі ретінде барлығыңызды жалған ақпаратқа сенбеуге шақырамын! – делінген қала әкімінің «фейсбук» парақшасында.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз