Шаһар шырайы
Атырау қаласының әкімі ШҰҒЫЛ тұрғындармен кездесті
ҚАЛА ӘКІМІ БАЛЫҚШЫ ЖӘНЕ ВОКЗАЛ МАҢЫ ЫҚШАМ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ.
Кездесу барысында азаматтар аталған аумақтағы өзекті мәселелерді қозғады. Атап айтсақ, бұралқы иттердің көптігі, ойын алаңының жағдайы, жол және жарық мәселесі, көгалдандыру, тазалық, терможаңғырту бағытындағы проблемалар көтерілді. Жиын барысында шаһар басшысы тұрғындардың сұрақтары мен ұсыныстарына жауап беріп, алдағы уақытта атқарылатын жоспарлармен де бөлісті. Сондай-ақ, көкейкесті мәселелерді шешуде қалалық әкімдік бар күш-жігерін салатынын жеткізіп, аталған проблемалар бақылауында болатынын айтты.