60 мыңға жуық студент электронды билет бойынша оқытылады

WhatsApp Image 2018 09 14 at 13.37.07 1 Шаһар шырайы

Атырауда 60 мыңға жуық студент электронды билет бойынша оқытылады,  деп хабарлайды Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

WhatsApp Image 2018-09-14 at 13.37.07 (1)

Атырау мұнай және газ университетінде семинар-тренинг өткізілді. Онда студенттерге жаңа электрондық билеттер жүйесі арқылы жол жүру барысында ақы төлеу жолдары туралы түсіндірілді. «SMART ТКШ» өкілі Ерлан Нұрлановтың айтуынша, осы жобаның аясында төлемнің шамамен тоғыз түрі енгізіледі. Қолма-қол ақшаны және көлік карточкасын төлеумен қатар, ұялы телефонның балансынан, QR-код, Bluetooth, смартфон, SMS және банк карточкасы арқылы алдын ала төленген билеттерден төлем нұсқаулықтары енгізіледі.

-Студенттерге алғашқы екі сапарына 50 пайыз жеңілдік. Үшінші рет жол жүргенінен бастап толық құны 80 теңге. Нөлдік теңгерімдегі бір картаның бағасы 300 теңгені құрайды. Карточка бір рет сатып алынады және оны Qiwi немесе Kaссa-24 терминалдары арқылы қаражатпен толтыруға болады. Бұдан өзге, оны кез-келген банк картасына немесе ұялы телефон теңгеріміне байланыстыра аласыз, – деп мәлімдеді Ерлан Нұрланов.

«SMART ТКШ» мекемесі жүзеге асырған жаңа жобаға сәйкес, барлық қалалық автобустарда стационарлық валидаторлар орнатылады, ал кондукторлардың қолдарына есеп құрылғылары беріледі. Біздің қаламыз үшін жаңа аудиторлық төлем қызметтерін тексеру үшін қызметкерлер қосымша функциялары бар валидаторлармен жұмыс жасайтын болады.

Сондай-ақ, «SmartQala» мобильді қосымшасы халық үшін қолжетімді болмақ. Бұл картаның балансын басқаруға, сапар барысын көруге және автобустың нақты уақыт режимінде тоқтау уақытын көруге мүмкіндік береді.

Айта кету керек, студенттерді оқыту «SmartQala» жобасы шеңберінде жүргізіледі, электрондық билет жүйесі бойынша айына 60 мыңға жуық Атырау студенттерін оқыту жоспарлануда.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз