Саясат
Жылыойда 102 жастағы репрессия куәгері өз таңдауын жасады
102 жастағы абыз ақсақал , қуғын- сүргін құрбаны жылойлық Абдолла Әбдірахманов та жалпыұлттық референдумға қатысып, өз таңдауын жасады.
Ғасыр жасаған қарияның дауыс беру учаскесі — Құлсары қаласындағы нөмірі 8 жалпы орта білім беретін мектептегі нөмірі 258 учаске. Аталған учаскенің бақылаушы маманы мен комиссия мүшесі қарияның үйіне дауыс беру жәшігі мен қағазын арнайы апарды.
Ақсақал өз таңдауын жасап қана қоймай, өзінің ақ батасын да берді.
- — Бүгінгі тарихи күн баршаңызға құтты болсын! Ата Заңымызға енетін жаңарған заңдар мен өзгерістер еліміздің ертеңіне оң әсер етсін. Қазақстанның болашағы- жастарымыз аман болсын! Елімізде тек тыныштық орын алсын!-деді ақсақал өз тілегінде.
Ш.Хамитова