Жарнама
Саясат

ЖОЛДАРДЫҢ ЖӨНДЕЛГЕНІ – ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ НЫШАНЫ

 

Мен – Махамбет селосының байырғы тұрғындарының бірімін. Балаларым да осы жерде өмірге келіп, осында өсті. Сол себепті де болып жатқан оңды өзгерістердің бәрі де көз алдымызда. Жолдасым екеуміз әр салада еңбек еттік. Бүгіндері құрметті демалысқа шығып, ұл-қыздары мен ұрпақтарының қызығына кенеліп отырған зейнеткерлердің қатарындамыз. Айтпағым, кенеуі кеткен көше жолдарының күрделі жөндеумен қамтылып, айнадай жарқыраған, тақтайдай тегіс асфальтпен алмастырылуы – барша тұрғындарға ортақ, айрықша қуаныш.

Әсіресе, селомыздың басты көшесі саналатын Абай атындағы ең ұзын көшенің күрделі жөндеуден өткізілуі тек біздің ғана емес, ауданымызға алыс-жақыннан сапарлай келген меймандардың мерейін үстегендей сезіндік. Бұдан біраз бұрынырақ басталған жол жөндеу жұмыстары бұл күндері жалғасын табуда. Тағы бір көңілімізге қонатыны, көлік жүретін жолдарға қоса, жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлардың да бірге салынуы дер едім. Соған қарағанда, көп кешікпей  ауылымызда асфальттанбаған бірде-бір көше қалмайтынына сенімдіміз. Қалай дегенде де, жолдардың бұлайынша жақсарып, көлік-тінің де, жаяудың да жүріп-тұруына жайлы, қозғалысына қолайлы болуын жақсылықтың нышанына баладық.

 Қалжан ЖӘРДЕМҚЫЗЫ,

«Күміс алқа» иегері,

Махамбет ауданы.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button