Жарнама
Саясат

ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДЕН – МОЛ ҚАРЖЫ

 

Атап өтелік, 2014 жылдың 31 наурызында Қазақстан Республикасының Үкіметі «Жекешелендірудің 2014–2016 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» қаулысы қабылданды. Осы құжаттың аясында мемлекеттік меншіктегі ірі және орташа нысанды сату көзделген. Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Ұлт Жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасы аясында да өзекті болып табылады, себебі қазақстандық экономикаға инвестицияларды тартып, халық шаруашылығы субъектілерін басқаруды оңтайландыруға мүмкіндік береді.

«2014-2015 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес, 496 нысан жекешелендіруге жатады. Осы жылдың 5 маусымындағы жағдай бойынша сатуға 313 нысан қойылды, олардың 173-і сатылды, соның ішінде республикалық меншік бойынша 8 нысан, коммуналдық меншік бойынша – 75, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар бойынша – 51 және Холдингтердің 39 нысаны», — деп хабарлады Қалымжан Ибраимов.

Сонымен қатар, спикер мемлекеттік меншік нысандарын сатудан республикалық бюджетке 860 млн. теңге, облыстық бюджеттерге – 811 млн., холдингтерге – 50 778 млн. және ӘКК – 2 917 млн. теңге түскендігін қосты.

Осылайша, жекешелендіру жаңа мемлекеттік жобалар мен әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға қомақты қаржыны алуға мүмкіндік берді.

 

Дайындаған Гүлжан ӘМІРОВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button