Жарнама
Саясат

ЖАРСУАТТАҒЫ ЖАРҚЫН ЖОБАЛАР

Округ көлемінде «Асыл Агро» қожалығы жұмысшылары ауыл шаруашылығының дамуына оң ықпалын тигізуде. Мал басын асылдандырумен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдерін жоғары талапқа жеткізу мақсатында мал бордақылау пункті жұмыс жасауда. Өткен жылы малшылар үшін тұрғын үйлер салды және ағымдағы жылдан бастап егін шаруашылығын қолға алмақшы, бұл тұрғындарды жұмыспен қамтуға ықпалын тигізеді.
Жарсуаттағы «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша жұмыстарды жүргізген «Нурбер — Сырым Строй» ЖШС, оған жергілікті алты адам, ал дәрігерлік амбулатория үйінің құрылыс жұмысын атқарған «ЗАВ Электромонтаж» ЖШС құрылысшыларын түгелдей жергілікті тұрғындар құрады.
Негізінен ауылдың біраз мәселесі шешіліп келе жатқан соң ба, еңбек ардагері Т.Азановтың жазғы су мен коммуналдық салаға техника беру жөнінен басқа сұрақ болмады. Ал, «Жауқазын» балабақшасының қызметкері С.Намазбаева ауылда көптеген игі істердің барын, яғни балабақша іске қосылып, дәрігерлік амбулатория салынғанын, келер жылы саз мектебінің бой көтеретінін айтса, медицина қызметкері Б.Әменов те осы тұрғыда сөйлеп, ауыл әкімінің баяндамасын мақұлдайтынын жеткізді.

Жанай АМАНТУРЛИН,
Индер ауданы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button