Жарнама
Саясат

Визасыз Қытай: ел экономикасының дамуына мүмкіндік

Қазір қоғамда «визасыз режим енгізілсе, қытайлықтар қаптап кетеді» деген үрей бар. Мен де қазақстандық ретінде алаңдаушылық білдіргенім рас. Алайда, ресми ақпараттан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың мәлімдемесін оқып, көңілім орныққандай болды.

–Бұл келісімге қол қойылмады. Оған қол қойылса ғана күшіне енеді. Сондай-ақ, былтыр жаздан бері Қытай азаматтары Қазақстанға 14 күнге визасыз келе алады. Қазақстан көшелерінде қытайлар көп жүрген жоқ. Енді 14 күнге келетін азаматтар 30 күнге келе алады. Келісім Қазақстанға да тиімді болмақ. Егер келісімге қол қойылса, Қазақстан азаматы Қытайға 30 күнге визасыз бара алады, – деп түсіндірген екен.

Иә, визасыз режим аясында туристік әрі іскерлік сапарлардың саны артуы мүмкін. Сондай-ақ, Аспан асты еліне дертіне дауа іздеп барушы науқастар үшін де пайдасы тиеді деп есептеймін.

Заңгер ретінде екі ел арасындағы тақырыпты зерттей отырып, бұл келісімнің біздің елге тиімді жағы бар екенін түсіндім. Біріншіден, мұндай байланыс сауда-экономикалық қарым-қатынастың дамуына ықпал етеді. Екіншіден, сол елдегі қандастарымыздың тарихи отанына оралуға мүмкін болады. Мәселен, Атыраудың өзінде Қытайдан келіп оқитын қаншама қазақ студент бар?!

Жалпы, қытайлықтардың біздің елге визасыз келуінің де заңды талаптары бар. Шекара қызметкерлері шекарадан өткен шетелдіктің мәліметтерін бірден ІІМ ақпараттық жүйесіне хабарлайды. Қай елден келсе де Қазақстанның заңына бағынып, шетелдіктер ішкі істер министрлігінің, ұлттық қауіпсіздік комитетінің бақылауында болады.

Сондықтан екі ел визасыз режимге келіспей тұрып, қауіпсіздік меморандумдарына қол қояды. Сол арқылы келеңсіздіктің алдын алуға мүмкін болады.

Толыбай ШАКИРОВ,

Ауған соғысының ардагері, заңгер

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button