Жарнама
Саясат

«Ұлттық қор – балаларға»: болашақ үшін жасалған ұтымды бағдарлама

Бала – біздің болашағымыз. Болашағымыздың жарқын, ертеңінің жақсы болуы бүгінгі күннен бастау алары хақ. Бұны әуелден басшылыққа алған  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пәрменді бастамалар көтеріп, ілкімді істердің атқарылуына ықпал етіп келеді.

Осы орайда Мемлекет басшысының «Ұлттық қор — балаларға» атты жаңа  бағдарламасын  халық ұлт байлығының үлесін сезінер үлкен бастама санап, үміт артып, қуана қабылдады. Бұл бағдарламаның ел болашағына салынып отырған стратегиялық инвестиция екені анық.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асқан реформаны қазір мамандар егжей-тегжейлі талқылап, нақты төлем тәртібін нақтылады.

Бұл қаражат өскелең ұрпақ үлкен өмірге қадам басқан тұста қаржылай қиындықтың алдын алуға мүмкіндік беретін болып отыр. Мемлекет басшысы жобаны 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асыра бастауды тапсыруы да реформаның жедел іске асуына ықпал етті.

Жалпылай алғанда, елімізде өте қысқа мерзімде жүзеге асырылған мұндай саяси реформалар жұмыстың сапалы әрі уақытылы жүруіне де ықпалы зор болып отыр.

Әміржан Нұрланұлы,

Жастар театрының жетекшісі,

Атырау қалалық мәслихатының депутаты

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button