Жарнама
СаясатЖаңалықтар

«Учаскеге қонғанмын…»

«Алғаш рет сайлауға қатысып, учаскеге қонғаным есімде». Саяси науқандағы алғашқы қадамын осылайша еске алған Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қатимолла Ризуанов биылғы сайлау науқанының басты ерекшеліктерін атады.  Осы күні сайлаушылар қатарынан табылып, Нұрсая шағын ауданындағы жалпы білім беретін №40 мектеп ғимаратында орналасқан №91 сайлау учаскесіне келген ол биылғы науқанның басты ерекшеліктеріне тоқталды.

–Ең бірінші атап өтерлігі, біз жеке кандидаттарға емес, партияларға дауыс берудеміз. Бұл – ел тарихында болмаған жағдай. Жаңа өзгерістердің бастамасы ретінде қабылдаудамын. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын қалыптастыруды да сатылы жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады. Сондықтан, үлкен өзгерістер күтемін, — деді ол.

Өзі де сайлау науқанына белсене араласып, ұзақ жылдар бойы аталған бағытта еңбек еткен Қатимолла Ризуанов ең алғашқы сайлауға қатысқан кезін еске алды.

–Алғаш рет дауыс берген кезім әлі есімде. Шіркеудің қасында байпақ басатын комбинат болды. Соның ішінде жасақталған учаскеге бірінші болып кіруім қажет, екінші болғым келмейді деген ұмтылыспен, сонда қонғанмын. Бұл жастық жалынның жетегі ме, әлде біреудің айтқанына байланысты қабылданған шешім бе, әйтеуір, нақты есімде жоқ. Осылайша, ең алғашқы сайлауға қатысып, азаматтық ұстанымымды білдіргенім – әлі күнге жадымда, — деді аға. 

Жазып алған Гүлжан ӘМІРОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button