Жарнама
Саясат

Тұңғыш Президент күні аталып өтілмей ме?

Мәжілісмендер Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мереке мәртебесінен айыруды ұсынып жатыр. Осыған орай біз белгілі саясаттанушы Ғазиз Әбішевтің пікірін білген едік.

– Меніңше, алда сайлау келе жатыр, Жаңа Қазақстан дәуірі басталып та кетті. Сондықтан аталған мереке де өз мәнісін жойған секілді. Бұл — халықтың пікірі. Бірақ, мұны нақты заңдық негізде жоғарғы жауапты органдар шешеді. Бастысы, халықтың пікірі ескеріледі деген сенімдемін, — дейді ол.

Айта кетейік, депутаттар ұсынып отырған заң жобасында «1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнін мерекелеуді Мемлекеттік рәміздер Күні, Алғыс айту күні және басқа да жоғары қоғамдық маңызы бар күндер сияқты мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастау ұсынылады» делінген.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button