ТӨРТЕУ ТҮГЕЛ БОЛСА…
ҚХА-ның Қазақстанның саяси жүйесінде артып отырған рөлі, оның қоғамдағы беделі 2007 жылдың мамыр айында Президент Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен қабылданған Қазақстан Конституциясына енгізілген түзетулерде көрініс тапты. Осылайша, бұдан былай Мәжілістің 107 депутатының тоғызын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Бұл – тәуелсіз мемлекеттің жаңа саяси сапаға қадам басуының белгісі. Сарапшылардың пікірінше, мұндай норма, саяси шешімдерді дайындау мен қабылдау үдерісін одан әрі жетілдіруге, биліктің үш тармағының өзара және Ассамблеямен іс-әрекеттерін заң шығару қызметінде Қазақстан халқының алуан түрлі пікірлерін әлдеқайда толық ескеру үшін тереңдетуге ықпал ететін болады.
Қазіргі кезде елімізде қазақ тілінде оқытатын 3784 мектеп, орыс тілінде оқытатын 1672 мектеп, өзбек тілінде білім беретін 65 мектеп бар және 14 мектеп ұйғыр тілінде білім береді, екі мектеп тәжік тілінде оқытады. Республиканың 104 мектебінде өзіндік пән ретінде Қазақстан халқының 18 тілі оқытылады. Этносаралық қатынастар саласындағы біздің тәжірибеміз, Қазақстан халқы Ассамблеясының табысты қызметі – Нұрсұлтан Әбішұлының саяси кемеңгерлігі – бүгінгі таңда әлемдік үлкен қызығушылық пен құрмет тудырып отыр. Және біз бұл тәжірибені ЕҚЫҰ-ға төрағалығымыздың барысында толық пайдалана білдік. Ассамблея осы жылдар ішінде Мемлекет басшысының болашаққа ұмтылған халқымыздың бірлігін одан әрі нығайтудағы тірегі болды және солай болып қалады.
Розақұл ХАЛМҰРАДОВ,
Парламент Мәжілісінің депутаты,
Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі