Жарнама
Саясат

Тәлімгерлік – мемлекеттік қызметшінің тәжірибесін жетілдіру үдерісі

Atr.kz/25 қыркүйек, 2019 жыл. Елбасының «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамның» алғашқы 15-і мемлекеттік аппаратты кəсібилендіруден басталуының өзі мемлекеттік қызметке маңыз берілгенін көрсетеді.

Тəуелсіз еліміздің экономикасы өркендеп, қарыштап алға басқан сайын, жан-жақты білімді, өз бетімен шешім қабылдай білетін, білігі мен тəжірибесімен бөлісетін маманға сұраныс жоғары екені сөзсіз.

Осы орайда қызметке алғаш кірген мемлекеттік қызметшілерді қызметтік міндеттерін өз бетінше орындауға бейімдеу мен кəсіби дайындау үрдісі болып табылатын тəлімгерлік ісінің маңызы өте зор.

Жалпы, мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет кірген мемлекеттік қызметшілер үш ай көлемінде сынақ мерзімінен өтеді. Осы сынақ мерзіміндегі мемлекеттік қызметшілерге тәлімгер тағайындалады. Тәлімгер – қызметшіге таңдаған мамандығын игеруге көмектеседі, оған қызметтік міндеттерді түсіндіріп, оларды сапалы орындаудың әдістері мен тәсілдерін көрсетеді. Қызметшіге жұмысын тиімді жүзеге асырудың, сондай-ақ қойылған міндеттерді өздігімен шешудің оң үлгісі болып табылады. Оны ұжымның қоғамдық өміріне белсенді қатысуға тартады, салауатты өмір салтын жүргізуге үгіттейді, жалпы мәдени және кәсіби зерденің дамуына көмектеседі, патриотизмге тәрбиелейді. Тәлімгерге қойылатын басты міндет жас мемлекеттік қызметшінің бойында адамгершілік, жауапкершілік, бастамашылық, тәртіптілік, кәсіби шеберлік сияқты қасиеттерді қалыптастыру.

Қазіргі таңда облыста 128 мемлекеттік қызметшіге сынақ мерзімі тағайындалды. Оның ішінде 85 тұлға мемлекеттік органның табалдырығын алғаш аттап, оларға тəлімгер бекітілді.

Сынақ мерзімінде жүрген мамандар қызметтерін ойдағыдай атқаруда. Тəлімгерлік аяқталу кезінде тəлімгер қызметшінің лауазымдық міндеттерінің орындалу нəтижелері, оның білімінің деңгейі, шеберлігі мен дағдыларының дамуы, қызметтік міндеттерін өзіндік орындау қабілеті, қызметтік құжаттамаларды дайындау сапасы көрсетілетін пікір дайындап, құрылымдық бөлімшенің басшысына ұсынады.

Бүгінгі күні облыс бойынша мемлекеттік органдарда 392 мемлекеттік қызметші тәлімгерлер резервінде тұр. Бұл резерв кәсіби шебер, ұжымда беделі бар, үйрету, тәрбиелеу жұмысына бейімді мемлекеттік қызметшілерден құрылған.

Сонымен, жас мамандарға тәлімгерлерді бекіту үрдісі, оның кәсіби жетістігі жақсы әлеуметтік қарымқатынас пен ұжым арасындағы нәтижелі қатынастың сай болуы кезінде аяқталды деп санауға болады. Егер жас маманның бейімделуі ойдағыдай өтсе, бұл мемлекеттік органның кадр процессіндегі тұрақтылықтың жетістігі.

Айнагүл ҚАҚИЕВА,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің бас маманы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button