Жарнама
Саясат

СЫННАН ҚОРЫТЫНДЫ ШЫҒАРАМЫЗ

 

Елтай Ақрапұлы, соңғы жылдары Атырау – алып құрылыс алаңына айналғаны белгілі. Мұнарадай зәулім ғимараттар жылдан-жылға көбейгені соншалық, көз сүріндіреді…

— Биылғы жыл басынан бері ауыз толтырып айтарлықтай ауқымды шаруалар қолға алынды. Бұл ретте білім беру саласындағы жаңалықтарды тілге тиек ете кеткен жөн. Сондай-ақ, балабақшаның жетіспеушілігі бүгінгі таңдағы келелі проблеманың біріне айналды. Сонымен, ағымдағы жылы аталған сала бойынша  республикалық бюджет есебінен салынып жатқан төрт мектеп құрылысының екеуі толықтай аяқталып, ал, қалған екеуі биылғы жылдың екінші жартыжылдығында тапсырылады деп күтілуде. Бұдан басқа, төрт мектептің және жеті балабақшаның құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

— Бүгінде облыста денсаулық сақтау мекемелерінің құрылысы қалай жүргізіліп жатыр?

— Құлсары қаласында 250 науқас қабылдайтын емхананың құрылысы жалғасып жатыр. Сонымен қатар Атырау қаласында 180 орындық жұқпалы аурулар ауруханасы, облыстық балалар ауруханасын күрделі жөндеу,  жапсаржай және ЖҚТБ (СПИД) мен күрес және оның алдын алу облыстық орталығы салынуда.

Ауылдық елді мекендерде «Жұмыспен қамту-2020»  бағдарламасы аясында сегіз дәрігерлік амбулатория мен  бір фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы жүргізілуде. Осы отбасылық дәрігерлік амбулаторияларға облыстық бюджет есебінен дәрігерлерге арналған екі үйлік тұрғын үй құрылысы салынады, оған барлық аудандарда жобалық-сметалық құжаттама жасақталуда.

Мәдениет саласы бойынша бір нысанның құрылысы басталып, Атырау қаласында көрме залы және заманға сай өнер мұражайы бар 1200 орындық концерттік зал құрылысы  жұмыстары жалғасын табады.

Ағымдағы жылы  Атырау облысы аудандарында 35 жасанды төсемі бар спорт алаңдарының, Құрманғазы ауданының Ганюшкин, Шортанбай және Байда селоларындағы спорт  кешендерінің  және  Атырау қаласы «Нұрсая» ықшамауданында дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысы жалғасуда. Сонымен бірге Мақат және Доссор поселкелерінде кіші футболға  арналған төрт ойын алаңын салу жоспарланып отыр. Айта кетелік, биылғы жылы Атырау қаласында теннис корты мен ипподром салуға жобалық-сметалық құжаттама жасақталып жатыр.

— Өңірде «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының орындалысы қалай?      

— Ағымдағы жылы осы бағдарламаны орындауда  «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» жүйесі бойынша 780 пәтерлік 16 тұрғын үй, жалға берілетін бір 350 пәтерлік 30 тұрғын үй, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым бойынша 23 нысанға құрылыс жұмыстары жүргізілуде.Облыстық бюджет есебінен жоспарланған коммуналдық 20 тұрғын үй салынуда.

Реті келгенде айтайын, ағымдағы жылы республикалық бюджет есебінен Индер ауданы Индербор поселкесінде қуаты тәулігіне 4500 текше метр және  Мақат ауданы Мақат поселкесінде қуаты тәулігіне 3000 текше метр кәріздік-тазалау имараты құрылысы жалғасуда. Бұдан басқа төрт ауданда кәріз желілері мен ғимараттардың құрылысын салу үшін техникалық-экономикалық негіздеме жасақталып жатыр.

Айбөпе САБЫРОВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button