Әскери қызметшілерді қолдау жалғаса береді
Облыстық қорғаныс істер жөніндегі департаментінде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» кезекті Жолдауының және «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халқына үндеу қағидаттарын жеке құрамға түсіндіру, оны қолдау, сонымен қатар әскери қызмет имиджін насихаттау және күшейту мақсатында дөңгелек үстел өтті.
Шараны ашқан қорғаныс істер жөніндегі департаменті бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, подполковник Марат Ізмағанбетов тақырыптың маңыздылығына кеңінен тоқталды.
Ал, облыстық қорғаныс істер жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Батырхан Ақбалиев бес әлеуметтік бастаманың әрқайсысына талдау жасап, әскери қызметшілердің баспана алу мүмкіндігі, жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту, білім алу қолжетімдігін, шағын несие беру және де газбен қамтамасыз етуді жалғастыру маңыздылығын атап өтті.
Урбайза АБИТОВА,
облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті
баспасөз қызметінің бастығы.