Жарнама
Саясат

«…Сіз қайдасыз?!» – ЖАҢА ЖОБА

Газетіміздің сəуір айындағы санынан бастап «…Сіз қайдасыз?!» деген айдармен материалдар жариялауды жоспарладық. Жаңа жобаның мақсаты –– кезінде ел басқарған, халық алдында жүрген адамдар туралы жазу, оқырманды оның бүгінгі тыныс-тіршілігінен хабардар ету болатын. Əңгімеміздің кейіпкері – Жайық бойын жайлаған өңірдің тумасы, Махамбет ауданының бұрынғы əкімі Ерлан Жаңабаев.

Кезінде өзінің туған жері мен еліне қызмет етіп, біраз жобаларды жүзеге асырып, өңірдің əлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосқан жас жігіттен көз жазып қалғанымыз рас. Байқасақ, ол кейінгі алты жылдан бері мемлекеттік қызмет саласындағы еңбек жолын еліміздің оңтүстігінде – Сыр бойында жалғастырып келеді екен. Редакциядан Анығын айтқанда, Ерлан Жаңабаев 2016 жылдан бері Қызылорда облысында. Осындағы облыстық жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдары, энергетика жəне тұрғын үйкоммуналдық шаруашылық басқармалары басшысының орынбасары болып қызмет еткен. Ал, 2021 жылдың қыркүйек айынан Қызылорда облыстық энергетика жəне тұрғын үйкоммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы.

– Менің ойымша, кімнің де жүрген ортасында абыройлы, беделді, сыйлы болуы өзінің айналасындағы адамдармен жақсы қарым-қатынас жасап, ортақ тіл табысуына байланысты деп ойлаймын. Адалдықтан айнымай, артылған сенім мен үмітті ақтай білсең, одан асқан бақыт жоқ. Бүгінде отбасым жанымда, үш баламыз – шаңырағымыздың шаттығы, өміріміздің мəні мен сəні. Өсіп-өнген жерім Атырау аймағының жақсы жаңалықтарына əркез қуанып отырамын. Бəріне «Atyraý» газеті арқылы дұғай сəлем жолдаймын,- деді Ерлан Жаңабаев.

Дəулетқали ЛАТИФҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button