Шикізат өңдеуге – басымдық

f1f822ea57e3aba3f2f55792af2e8eea Саясат

Жолдау жолдарынан:

«Экономикалық саясаттың басты бағыты – экспортқа шығу. Әсіресе, шикізатты өңдеу саласына басымдық берген жөн».

f1f822ea57e3aba3f2f55792af2e8eea

Осы тұрғыдан қарағанда, құрылғанына санаулы ғана жылдардың жүзі болған Махамбет ауданындағы «Сарайшық» асыл тұқымды шаруашылығында бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Негізінен ешкі түлігін түлетуге маманданған шаруашылығымызда оның  бірнеше түрі өсіріледі.

Күнделікті сауылған ешкі сүті арнаулы цехтарда өңделіп, одан ірімшік, құрт, май, өзге де тұтынушылардың жоғары сұранысына ие тауарлар шығарылады. Құрамы жағынан құнарлылығымен және жоғары сапалығымен ерекшеленетін өнімдеріміз аудан, қала, облыс халқының қажеттілігін қанағаттандырып қоймай, кейінгі кездері елдік деңгейдегі көрме-жәрмеңкелерге, алыс-жақын шетелдерге экспортқа шығарылып, сарапшы мамандар тарапынан  лайықты бағасын иеленіп те жүр.

Мемлекет басшысының Жолдауында сонымен қатар, елімізде өңдеу өнеркәсібі мен шикізаттық емес  экспортты қолдауға алдағы үш жылда қазынадан қосымша 500 млрд. теңге сомасында қаражат бөлінетіндігі нақтыланып отыр. Демек, өңдеуші саланы өркендетуге қолдау бұрынғыдан басым болары анық.

 

Тамила РОЗМЕТОВА,

«Сарайшық» асыл тұқымды ешкі шаруашылығы» ЖШС-нің бас директоры,

Махамбет ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз