СЕНІМДІ НЫҒАЙТҚАН СӨЗ
Әсіресе, «Мемлекетті кәсібилендіру» деген тарауы маған ерекше ой салды. «Мемлекеттік қызметтің реформасын біз алғашқы заңнамалық акт – Президенттің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Заң күші бар Жарлығы қабылдануының 20 жылдығы тұсында жүзеге асыра бастауымыздың нышандық мәні бар», — деді Елбасы. Биыл Тәуелсіз мемлекет ретінде ірге көтергенімізге 25 жыл толады. Осы тұрғыдан алғанда, Ұлы Дала Елінде қолға алынған Ұлт жоспары — өте маңызды құжат.
Мемлекеттік қызметкердің мансаптың әр баспалдағында өзінің кәсіби шеберлігін дәлелдеп отыруы да өте қажет. Мемлекеттік қызметшілердің жаңа этикалық кодексінің жасалуына да өз тарапымнан қолдау көрсетемін. Жалпы алғанда, мемлекеттік қызметші өзінің халыққа қызмет ететінін сезінуі тиіс. Ендеше, халқымыздың «әкім бол, халқыңа жақын бол!» деген сөзі жүзеге асатын кез келді!
Құрмет НҰРСАРИЕВ,
ішкі істер органдарының зейнеткері.
Атырау қаласы.