Жарнама
Саясат

Сандық жүйе сапаны жақсартады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған өзекті мәселелерді кеңінен талқылау мақсатында Парламент Мәжілісінің депутаттары Бейбіт Мамраев пен Мейрам Пішембаев «Ембімұнайгаз» АҚ-ның бас кеңсесінде болды. Олар компанияның интерактивті мұражайы мен өндірістік процесті жедел бақылау орталығының жұмысымен танысты.

Сандық

Жолдауда «Индустрияландыру жобасы жаңа технологияларды енгізуде көшбасшы болуы тиіс» деп атап айтылды. Осы бағытта «Ембімұнайгаз» АҚ негізгі қызметінің барысында тың бастамаларды жүзеге асыруда. Осындай бастаманың бірі – Уаз кен алаңында 2016 жылдан бері жүзеге аса бастаған «Интеллектуалды кен алаңы» пилоттық жобасы.

Кен алаңындағы өндірістік процестердің ақпараты  онлайн режимінде  дереу осы орталыққа және бір мезетте Астана қаласындағы бас кеңсеге де түсіп тұрады.

–Жоба арқылы қазіргі таңда электр энергиясын пайдалану 30 пайызға және ұңғымаларды жөндеу шығыны айтарлықтай азайды. Осыған сәйкес, жоба 2017 жылы Прорва кен алаңы тобына таратылып, биыл Жаңаталап кен алаңында енгізу қолға алынды, — деді аталған орталықтың жұмысымен таныстырған өндірісті автоматтандыру және ақпарат технологиясы департаментінің директоры Болат Нысанбаев.

Мұнай өндіру процестерін оңтайландыру, өндіріс барысында туындаған мәселелер бойынша  жедел шешім қабылдау және талдау мақсатында жүзеге асып жатқан жобаны 2024 жылға дейін компанияның 12 кен алаңына тарату жоспарлануда.

Азамат Сансызбайұлы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button