Саясат
Саламат ЕЛАМАНОВ, «Атырау облысы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағаcының орынбасары: КӨП МӘСЕЛЕНІ ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ ШЕШЕДІ
Бүгінгі жағдайда экономикалық дағдарыс салдарынан көптеген компанияларда ықшамдау процесінің жүргізіліп жатқаны белгілі. Міне, осы жерде де әлеуметтік әріптестік алаңын іске қосу арқылы, жұмысшыларды қысқартуды мүмкіндігінше азайтуға болады. Сондықтан, ұжымдық шарт қабылданған уақытта, жұмысшыларды қысқарту алдында жұмыс берушіден оны барынша азайту амалдарын көздеп, әкімшілік-басқару шығындарын азайтуды, кадрларды уақытша жұмысқа қабылдауды шектеуді, алдын-ала кадрларды қайта даярлап, кәсіпорынның ішінде босаған жұмыс орындарына ауыстыруды талап етуге мүмкіндік бар.