Жарнама
Саясат

Сайлауда ардагерлер салиқалы таңдау жасады

Кезектен тыс Президент сайлауы өтетінін Мемлекет басшысы 1 қыркүйектегі Жолдауында мәлімдеген болатын. Кезектен тыс Президент сайлауының бұрынғы сайлаулардан аса маңызды ерекшелігі –біз сайлаған Президенттің өкілеттігі тек қана 7 жыл. Барлық дамыған демократиялық елдерде бар үрдіс бұл. Жаңа Қазақстан құру жолындағы жаңа өзгерістер лебі деп қабылдадым мұны.

Мен өмірден түйген пайымыммен  өз таңдауымды дұрыс жасадым. Сайлау науқаны жоғары деңгейде жүргізілді. Сайлау учаскелерінде  әндер шырқалып, сайлауға келген тұрғындарға ерекше көңіл-күй сыйлай білді . Сайлауда ешбір ретсіздік тіркелген жоқ. Маңызды науқанға тек орта жас өкілдері ғана емес ,егде жастағы тұрғындар да, жастар да келіп дауыс беріп жатқанын көрдім. Әрине, еліміздің болашағы-жастар. Ал жастарға игі жол көрсететін- біз секілді қариялар. Ендеше тарих беттерінде жазылатын кезектен тыс Президент сайлауы өте жақсы деңгейде өтті деген пікірдемін.

Г.АРЫСТАНОВ
Жылыой аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button