САЙЛАУ-2021: «АШЫҚ ҚОҒАМНЫҢ БАЙСАЛДЫ ДАМУ КЕПІЛІ»
«Көпте ақыл жоқ, ебін тап та жолға сал» дейді данышпан Абай өзінің қара сөздерінде.
Енді бұл сайлау халықтың өзіне ерік беріп отыр. Яғни ауыл тұрғындары сенімді әкімін таңдаған соң айтқанына көніп, дамудың даңғыл жолына түсу керек.
Президент Қ.Тоқаев азаматтық қоғамды қалыптастыруды, ол үшін үкіметтік емес ұйымдардың беделін көтеруді тапсырды. Осы жерде сайлау комиссияларында қоғамдық ұйым өкілдері, азаматтық қоғам белсенділері көптеп тартылу керек еді.
Бұрмалаушылық болмайтынына кім кепіл? Демек, біз әлі жетілу керекпіз деп ойлаймын. Алайда бәрінен бұрын елдің тұтастығы, ауызбіршілігі қымбат. Өйткені, демократия дегеніміз – аузыңа келгенді айтып, жұртқа байбалам салу емес. Ашық қоғамның байсалды даму кепілі.
«Бетеге кетсе бел қалар, бектер кетсе ел қалар, береке кетсе нең қалар» деген ғой ел бірлігі үшін қам жеген даналарымыз.
Қайткенде де сайлау елдің бір үмітін оятатынына сенімдіміз.
Тілекқали ШМАНОВ,
1995-2013 жылдардағы Өрлік ауылының әкімі