Жарнама
Саясат

Реформалардың басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру

Жаңа Қазақстан – дамудың жаңа табалдырығына беттеген жасампаз ел ретінде әлем назарын өзіне аударып келеді. Оған барлығымыз куәміз. Соңғы бір жылда елімізде орын алған саяси өзгерістер, нақтырақ айтсақ, Жалпыұлттық референдум, кезектен тыс Президент сайлауы, Парламент Мәжілісі мен жергілікті деңгейдегі мәслихаттар сайлауы «Жаңа Қазақстанды» құру жолындағы нақты қадамдар деп сеніммен айтсақ болады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қай реформасын алсақта, халық игілігін жақсарту үшін бағытталған. Жалпы, реформалардың басты мақсаты – Қазақстан халқының әл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсартып, әлеуметтік теңдікті орнатуға бағытталған. Қасым-Жомарт Кемелұлы «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатын басшылыққа ала отырып, қоғамның қажеттілігіне негізделген еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынды.

Осыған сәйкес, бүгінгі таңда Президент реформалары өз нәтижесін беруде. Конституцияға өзгерістер енгізіліп, Сенат пен Парламент Мәжілісінің міндеттері артты. Бұл жерде барлық деңгейдегі мәслихаттың құзыреті артқанын да айта кеткен жөн. Мәслихат өз алдына жеке институт ретінде қалыптасты. Мәслихат депутаттары бюджетті бекітетін, қарастыратын, оны қадағалайтын органдардың біріне айналды.

Ендігі кезекте елдің бағыты да, ұраны -ашықтық болады. Өйткені Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев алғаш өзінің қызметтік лауазымына келгеннен кейін, бірден елді демократияландыруды қолға алды, билікке халықтың жақындауын басты мақсат етті, «Халық үнін еститін мемлекет» тұжырымдамасы арқылы бүгінгі күні елдің үнін, тілегін, ниетін жоғары билік құрылымы еститін болды.

Қазіргі уақытта әлемдегі геосаяси ахуал сәт сайын өзгеріп отыр. Әлемде түрлі қақтығыстар орын алуда. Осындай тарихи, жауапты кезеңде, ортақ мүдде мен мақсат үшін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын уақыт келді. Президент реформасын жүзеге асыру мақсатында жұмылып, бір кісідей атсалысуымыз қажет.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйек күні Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялайды. Бұл мемлекеттік маңызды құжатта ел дамуының жаңа маңызды міндеттері аталып, тың тапсырмалар беріледі деп күтеміз.

Мәлік Кариев,

«AMANAT» партиясының Атырау облыстық филиалының

Саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button