Саясат
Референдуммен тұспа-тұс келген туған күн
Ақкөл ауылдық округінің тұрғыны Кулара Нұғманқызы ел тарихындағы маңызды күнде 57 жасқа толды. Туған күн иесі №181 референдум учаскесіне келіп, саяси науқанда белсенділік танытты.
Таңдауын жасаған Кулара Жанғатаеваға аталған учаске төрайымы Жаннат Сидеғалиева жүрекжарды лебізін білдіріп, естелік сыйлық табыстады.
«Жаңа жасымда — Отанымның жаңашылдығын көргім келеді. Ол үшін әр дауыс маңызды. Мен де қапы қалмай, елімнің оң өзгерісіне үлесімді қосып, дауыс бердім»,-дейді Кулара Нұғманқызы.