«Референдумға қатысу — конституциялық құқығымыз»

2022 06 05 9172d4c1 f5e1 41e0 9b91 2a1517241503 Саясат

Бүкілхалықтық референдум барысында Атырау қалалық мәслихатының хатшысы Қаршыға Жауымбаев дауыс беру учаскесіне барып, ел болашағына енжар қарамайтынын білдірді.

№41 учаскеге барған ол референдумның Қазақстан халқының болашағы үшін маңызды қадам екенін айтты. 

— Бүкіл ел бойынша өтіп жатқан референдумға қатысып, өз таңдауын жасау — әрбір қазақстандық азаматтың жеке құқығы. Осыған орай біз де өз дауысымызды беріп жатырмыз. Бұдан кейін барлық салада көп өзгеріс болады деген сенімдемін. Жаңа мүмкіндіктер пайда болып, еліміз көркейе берсін, — деді Қаршыға Жауымбаев.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз