Референдум: вахталық поселкелерге 43 комиссия тартылады
Вахталық әдіспен жұмыс жасайтындардың дауыс беруін ұйымдастыру үшін шаралар қабылданды. Бұл жұмыстарға 43 учаскелік комиссия тартылады.
Вахталық әдіспен жұмыс жасайтындар Атырау қаласы және Жылыой, Исатай, Құрманғазы, Қызылқоға, Мақат аудандарында бар.
Облыстық референдум комиссиясымен қажетті санда дауыс беруге арналған бюллетеньдер дайындалды және олармен учаскелік комиссияларды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды.
Атырау қаласында орналасқан 11 референдум учаскесінде, оның ішінде: 1 — әскери бөлім, 1 — тергеу изоляторы, 9 — емханада орналасқан учаскелерде тізімге енгізілген барлық азаматтар дауыс берсе, онда дауыс беруді кез-келген уақытта аяқтау туралы тиісті аумақтық комиссия қаулысы қабылданды.
Егер дауыс берудің өзге уақыты белгіленбесе, учаскелік комиссиялардың дауыс беру күні қорытынды шығаруы жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі.
Комиссия мүшелеріне арналған оқыту семинарлары, тренингтер ұйымдастырылды.
Айта кетейік, учаскелердің референдумды өткізу күніне дайындығы бойынша барлық шаралар алынып жатыр.