Референдум күні Атырауда 33 сәби дүниеге келді

pararpararaprpa Саясат

Бүгін Республикалық референдум күні Атырау облыстық перзентханасында 33 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

– Бүгін өңірде 33 сәби дүне есігін ашты. Жаңа туылған шақалақтың  15-і  ұл, 18-і қыз. Сәбилер мен жаңа босанған аналар өздерін жақсы сезінеді.  Қазіргі таңда 2 ана босандыру залында, деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қайсар Абдалиев.

Еске сала кетейік, Атырау облысында 261 референдум учаскесі жұмыс жасауда.  Олардың 11-і жабық түрдегі учаскелер.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз