РЕФЕРЕНДУМ: Атырауда белсенді әйелдер бас қосты

img 20220524 wa0076 Саясат

Конституциялық реформаларды түсіндіру мақсатындағы алқалы жиын Атыраудағы «Абай» орталығында өтті.

Кездесуге келген Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрайымының орынбасарлары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ляззат Сүлеймен және Қазақстан Республикасының Қоғам қайраткері Елена Тарасенко атыраулық белсенді әйелдермен кездесті.
Сенатор Ләззат Жаңылысқызы облысқа сапары аясында бірнеше форматта кездесу өткізгенін айрықша атап, Конституцияда көзделген өзгерістер туралы арнайы тоқталып, нақты талдады.

  • – Қазір бұл өзгерістер керек. Атырау аймағына сапар барысында Махамбет, Индер аудандарында болып, халықпен кездестік. Сол кезде тұрғындардың референдум өткізуді қолдайтыны туралы пікірлерін естідік, – деді Сенатор.

Ол сонымен қатар, депутаттар белсенділігі, халық үніне құлақ асу, билік пен бұқара арасын жақындату туралы да өз ой-пікірін білдірді.

Кездесуге қатысушылар да референдумды қолдайтындарын айтумен қатар, маңызды мәселелерді де көтерді. Олардың қатарында отбасы, ұрпақ тәрбиесіне қатысты проблемалар, ажырасу, ерекше балалар тәрбиесі, әлеуметтік осал топтарды қолдау бағытындағы қоғам үшін өзекті мәселелер талданып, ұсыныс-пікірлер айтылды.

Гүлжан ӘМІРОВА

Фото: Ерлан АЛТЫБАЕВ

img 20220524 wa0078
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз