Референдум арқылы халық ел тағдырына араласа алады
Ел Президенті ҚР Конституциясына және елдің саяси жүйесіне түбегейлі өзгерістер енгізетін бастама жасады.
«Біз жаңа мемлекеттік модельге, мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының жаңа форматына көшудеміз. Бұл сапалы ауысуды Екінші республика деп атауға болады. Жұмыс тобы Негізгі Заңның 33 бабына түзетулер дайындады, ал бұл бүкіл Конституцияның үштен бірі. Аталған өзгерістерді енгізу туралы заң жобасы Конституциялық кеңеске берілді, ол жуық арада өз үкімін шығарады. Алдағы ауқымды және елеулі өзгерістер ел болашағына елеулі әсер етеді. Сондықтан Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша республикалық референдум өткізуді ұсынамын» деді Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында.
Жалпы, референдум әрбір азаматқа ел тағдырын шешуге тікелей қатысуға мүмкіндік береді және жан-жақты демократияландыру мен жаңа Қазақстанды құру бағытын нығайтады.
Сайполла Сапанов, саясаттанушы