Жарнама
Саясат

ҚР Президенттігіне кандидат М. Қажыкен Ұлытау облысында болды

ҚР Президенттігіне кандидат Қажыкен Мейрам Зекешұлының сайлауалды үгіт-насихат науқаны жалғасуда.

2022 жылдың 25 қазанында ол үгіт-насихат жұмысы аясында жаңадан құрылған Ұлытау облысына келді. Мұнда кандидат Қ. И. Сәтбаев атындағы Жезқазған тау-кен металлургия комбинатының еңбек ұжымымен кездесті. Сондай-ақ, ол еліміздегі ең ірі салалық кәсіподақтардың бірі «КәсіпҚорған» мүшелерімен кездесу өткізді.

Ұйым құрамында тау-кен металлургия кәсіпорындары мен аралас өндіріс орындарының қызметкерлері бар.

Үміткер өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі аспектілері жайлы баяндап, кейбір басым бағыттарына толығырақ тоқталып өтті.

Айта кетерлігі, «Қазақмыс» компаниялар тобында төрт кәсіподақ жұмыс істейді: «КәсіпҚорған», «Қазпрофметалл»,» Лайықты еңбек» және «Enbek». Олардың құрамында 57 мыңнан астам жұмысшы бар. Еңбеккерлердің басым бөлігі «КәсіпҚорған» кәсіподағына бекітілген.

Штабтың баспасөз қызметі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button