«Қиындықта халқымның қасынан табылуға тырысамын»
Оқырман назарына Атырауда жұмыс сапарымен жүрген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік ЕРУБАЕВТАН алған сұхбатымыздан үзінді ұсынамыз.
– «Ақ жол» партиясынан сайланған 12 депутаттың бірі ретінде халықпен қаншалықты жиі кездесесіз?
– Депутаттар Парламент Мәжілісінің арнайы кестесі бойынша өңірлерді аралап, азаматтармен тұрақты түрде кездесіп отырады. Сол сияқты мен де биыл бірнеше рет іссапармен Атырау қаласы мен аудандарда болдым. Әсіресе, елді дүрліктірген қаңтар оқиғасынан кейін депутаттардың ішінде ең алғаш болып мен оқиға ошағы болған Маңғыстауға барып, жергілікті жұртшылықпен жүздестім. Себебі, ел басына қандай күн туса да, халық қалаулылары сол елмен бірге болуы керек деп шештім.
Бірақ, бұл кезде әр басқан қадам мен айтылған сөзге аса сақтықпен қарауға тура келді. Себебі, онсыз да қымбатшылықтан көз ашпаған қарапайым халықтың қытығына тимеу керек қой. Мақсат – оқиғаның қайталанбауы үшін оның орын алу себептерін анықтау еді. Қайткенде де, сынақтан сабақ алған маңызды. Бір жағынан, санада сілкініс пайда болды. Ал, екіншіден, билік бұқараға жақындай түсті. Осы орайда, біз де депутат ретінде алыс ауылдағы ағайынмен араны бұрынғыдан бетер жалғай түстік.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ