Жарнама
Саясат

Қазақстандағы саяси жүйе жаңарып келеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ата Заңның біраз бөлігін уақыт қажеттілігіне сай жаңартуға тікелей мұрындық болуда.

Ел тарихында тұңғыш рет Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің әр өңірде өкілі тағайындалды. Мақсат – халыққа жақын болу, тұрғындардың мұң-мұқтажын есту. Бұл да – Мемлекет басшысы жүзеге асырып отырған реформалардың жарқын көрінісі. Осының бәрі – Жаңа әрі Әділетті Қазақстан құру жолындағы алғашқы қадамдар. Есесіне, аталған уәкіл бүгінде ел азаматтарынан түсіп жатқан түрлі арыз-шағымдарды қарап, шешімін табуға септігін тигізуде.

Мұндай көмекті тіпті шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар да ала алатынын айтқым келеді. Ал, оларға қатысты міндетін дұрыс атқармаған жауапты тұлғалардың немесе ұйымдардың іс-әрекеті мен шешімдеріне заң шеңберінде баға берілетін болады. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл алдымен түскен шағымды қабылдап, тіркейді. Оның иесіне өз құқықтары мен бостандықтары туралы түсінік береді. Содан соң арызды тиісті органдарға жолдайды. Қазір уәкілге хабарласып жатқан атыраулықтар өте көп. Оларға соттан материалдар алу, балалар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың мүддесін қорғау және басқа да бағытта көмек көрсетілді. Уәкіл азаматтарды бас бостандығынан айыру орындарында да қабылдау жүргізеді.

Президент адам құқығы мен әділдікті мемлекеттік саясаттың ең басты құндылығы деп атады. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан Республикасының Конституциялық сотын құрды. Еліміздің ең басты заңын қатаң сақтауға зор көңіл бөлінді Әр қазақстандықтың Конституциялық соттың көмегіне жүгінуге құқығы бар. Бұл туралы Конституцияның 72-бабында көрсетілген. Міне, осылайша, Мемлекет басшысы еліміздің саяси жүйесін түбегейлі жаңартып отыр деуге толық негіз бар.  

Алмаз ӘБІЛДАЕВ,

саяси ғылымдар докторы,

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Атырау облысы бойынша өкілі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button